Ақтөбеде ғасыр жасаған әже таң атысымен сайлау учаскесін өзі іздеп келді (фото)
Опубликовано:
Ақтөбе қаласының 103 жастағы ең үлкен тұрғыны Жәкібай Бисенғалиева таң ата салысымен сайлау учаскесіне келді. Ол локомотив депосындағы #26 сайлау учаскесіне тіркелген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қария жарты сағат бұрын ерте келіп, дауыс беру үшін кезекке тұрғандардың бірі болды.
"Неге мен сайлауға келмеймін?! Шүкір, денім сау, аяғымды басып жүрмін. Қазақстанымыз тыныш, еліміз аман болсын. Ертең ел басқаратын баламыз да жайлы болуын тілейміз. Бүгін бәрінен бұрын дауыс берейін деп ерте келдім", - дейді Жәкібай Бисенғалиева.

Жәкібай әженің үш баласы бар. Бүгінде 3 шөбересінің қолынан су ішіп отыр.
Хромтау ауданындағы Қызылсу ауылында 1915 жылы дүниеге келген қария ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауылында өткен барлық оқиғаларға куә болып, аштық, азамат соғысы, колхоздастыру кезеңінің қиыншылықтарын көзімен көрген.

Қария 3 мыңға жуық сайлаушысы бар учаскеде дауыс берді.
Ақтөбе облысында 500-ден аса сайлау учаскесі бар, оның 150-і облыс орталығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798497-aktbede-gasyr-zasagan-ze-ta-atysymen-sajlau-ucaskesin-zi-izdep-keldi/