Түркістан облысында жаңа босанған әйелдер де қалыс қалмай, дауыс беруде (фото)
Опубликовано:
ҚР президентінің сайлауы қарсаңында бүгін түнде Түркістан облысы бойынша 200 бала жарық дүние есігін ашты. Оның 100-ден астамы қыз бала. Айта кетерлігі, перзентханадарда да сайлау науқаны қызу өтіп жатыр деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аяғы ауыр және жаңа босанған әйелдер болашаққа таңдау жасап, сайлауға қатысуда.
Түркістан облысы бойынша 3 перинатальды орталық бар. Бүгінгі сайлауға 300-ден астам жас босанған ана қатысты.

Бір ғана Түркістан облыстық нөмірі бірінші перинатальды орталықта бүгін 135 ана өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңдай сәби дүниеге келеді. Бұл - республика бойынша ең үлкен көрсеткіш.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798531-trkistan-oblysynda-zaa-bosangan-jelder-de-kalys-kalmaj-dauys-berude-foto/