Сәдібек Түгел сайлауға шапан киіп келді (фото)

Опубликовано:

"Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысынан президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Сәдібек Түгел өз қарсыластарынан ерекшеленіп, сайлауға ұлттық шапан киіп келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәдібек Түгел
Сәдібек Түгел: Twitter

Сәдібек Түгел теледебаттарға да шапан киіп келген болатын.

"Ұлы дала қырандары" қозғалысының үміткері ұлттық құндылықтар мен жастардың рухани дамуын насихаттаумен танымал. Өзінің сайлау кампаниясы аясында ол Нұр-Сұлтандағы бірқатар түнгі клубтарға рейд жүргізген. Мұндай жерлерді ол "жындар мен шайтандар" мекені деп атайды.

Ол Қазақстанда түнгі клубтар, сауна және казино сияқты жерлердің жабылуын қаладйды. Сәдібек Түгел мұндай жерлер қоғамға кері әсер тигізеді дейді.

Сонымен қатар, ол қазақстандық қыздарға шетелдікке тұрмысқа шығуға тыйым салуды ұсынды. Президенттікке үміткер ұлтаралық некелерді "қылмысқа" теңеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798534-sdibek-tgel-sajlauga-sapan-kiip-keldi-foto/