Ғабидолла Әбдіраxымов: Өз таңдауымды жасау үшін ерте тұрдым
Опубликовано:
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов таң атысымен әріптестерімен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді деп xабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласында 260 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қала басшысы Ғабидолла Әбдіраxымов Пушкин атындағы N1 мектеп-гимназиясындағы N92 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Бұл сайлау учаскесінде 2504 сайлаушы тіркелген.

"Бүгін - мемлекетіміздің болашағын айқындайтын саяси маңызды күн. Қала тұрғындарын өз таңдауын жасауға шақырамын. Өзім алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасау үшін ерте тұрып, сайлау учаскеме келдім",- деді Шымкент әкімі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798554-gabidolla-bdiraxymov-z-tadauymdy-zasau-sin-erte-trdym/