Сайлауда Қосановты елордалықтар қаумалап, жібермей қойды (фото)
Опубликовано:
Қазақстан президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов №57 сайлау бөлімшесінде дауыс берді. Кандидат сайлауға әйелі Розамен ертіп келген. Сайлау бөлімшесінің алдында ерлі-зайыптыларды өзге дауыс берушілер мен баспасөз өкілдері қоршап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сайлауға бірге келген ерлі-зайыптылар дауыс беру орнына ұзақ уақыт бойы жете алмаған.
Жол-жөнекей оларды журналистер қоршап, сайлауға қатысты сұрақтардың астына алған.
Артынан басқа дауыс берушілер президенттікке үміткермен суретке түсу үшін кезекке тұрған.

Үміткер бүгін жеңіске мүдделі екенін жасырмады.
Оған қоса, Қосанов жоқ дегенде президенттік сайлаудың екінші кезеңіне ниетті екенін де алға тартты.

БАҚ өкілдері Қосановқа дауыс беру сәтінде камераға ұзағырақ қарауын сұрағанда, ол күліп - "Жасанды сияқты болып тұр. Ал енді, құдайға тапсырдым жеңіс үшін", -деген.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798571-mirzan-kosanov-sajlau-blimsesine-jeli-rozamen-birge-keldi/