Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мереке құтты болсын": Нұр-Сұлтан жұрты сайлауды мерекеге айналдырды

Опубликовано:

"Мереке құтты болсын": Нұр-Сұлтан жұрты сайлауды мерекеге айналдырды (видео)
nur.kz: Original

Астаналық сайлау учаскелері сайлауға айрықша дайындалған. Олар учаскелердің алдында қазақтың патриоттық əнін қосып, сыртта тіпті суретке түсуге арналған ерекше аймақ дайындап қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордадағы 58 сайлау учаскесінде таңнан бері сайлуға келіп жатқан тұрғындардың қарасы қалың.

Бір қызығы сайлау учаскесінде қызмет етіп жүрген өкілдер тұрғындарды "Мереке құтты болсын" деп қарсы алып жатыр.

Ал учаскенің сыртында қазақтың патриоттық əн-күйі шырқалып, қала тұрғындарына айрықша көңіл-күй сыйлауда.

Сол сияқты учаске алдында мындай ерекше суретке түсу алаңы бар.

"Мереке құтты болсын": Нұр-Сұлтан жұрты сайлауды мерекеге айналдырды (видео)
Фото: NUR.KZ: Original

Оған "9 маусым - Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы" деген жазба латын қарпімен жазылған

Сайлау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады деп күтілуде.

Елордада бүгін ауа-райы бұлтты болғанымен, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +14 градус температураны көрсетіп тұр .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798578-mereke-ktty-bolsyn-nr-sltan-zrty-sajlaudy-merekege-ajnaldyrdy-video/

pixel