Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура бірнеше жасырын насихат фактісін анықтап үлгерді

Опубликовано:

Бас прокурор орынбасары Болат Дембаев Қазақстанда дауыс беру кезінде заң бұзушылық болып саналатын бірнеше жасырын үгіт-насихат фактісі тіркелгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Бас прокурор орынбасары сайлау күні қандай да бір үгіт-насихат түріне тыйым салынғанын ескертті. Ол үшін 37 мың мен 75 мың теңге аралығында әкімшілік жауапкершілік үшін айыппұл тағайындалмақ.

Болат Дембаевтың сөзінше, тыйымға қарамастан, белгілі бір азаматтар үгіт-насихатты жасырын түрде жүргізуде.

"Азаматтар сайлауға қатысып, кімге дауыс бергенін суретке түсіріп жататын жағдайлар кездеседі. Ол дегеніміз нағыз үгіт-насихат болып саналады" , - деді ол.

Оған қоса, кейбір тұлғалар заңмен тыйым салынған комиссия отырысының протоколын желіде жариялап жіберген.

"Протоколдарды сайлаудың толығымен аяқталуына, сағат 20:00-ге дейін жариялауға болмадйы. Бұл мәселе жеке, заңды және бақылаушы тұлғаларға тікелей қатысты ", - деді ол.

Бұл жағдайларға қатысты терксеріс жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798583-bas-prokuratura-birnese-zasyryn-nasihat-faktisin-anyktap-lgerdi/

pixel