Димаштың әжесі әншінің әлі күнге қасында жатып еркелейтінін айтып қойды

Опубликовано:

Ақтөбеде Президент сайлауына дауыс беруге келген Димаш Құдайбергеннің ата-әжесін бір топ тілшілер күтіп алды. Мега-жұлдыздың жанұясы - өңірдегі үлгілі, мерейлі  отбасылардың бірі. Қариялар қаладағы "Тұлпар" балабақшасында дауыс берді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Димаштың әжесі әншінің әлі күнге қасында жатып еркелейтінін айтып қойды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images
"Баламды 4 жасында осы балабақшаға алып келдік. Ол үйрене қоймады. Бізге балабақшада "қасыма барып отырыңдар" дейтін.

Оншақты күнде балам үйрене қоймаған соң, үйде өзім қарадым. Кейін 5 жасынан бастап музыкалық мектепке бердік. Димаш туғанда мұғалім едім.

Содан кейін мұғалімдікті тастап балама қарадым. Баламның өзі "Мамам мені  47 жасында туған" деп айтады", - дейді әншіні әжесі Миуа Низамутдинова.

Әжесі күллі елді аузына қаратқан танымал әншінің қалай еркелейтінін және өзінің қалай айналып-толғанатынын айтып берді.

Димаштың әжесі әншінің әлі күнге қасында жатып еркелейтінін айтып қойды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images
"Менің құлыншағым бізге еркелейді. Кеше бір апта келіп жатып кетті. Кішкене кезіндегідей "мама", "папа" деп қасымызға жатады.

Балам сыртта жүрген кезінде түн ортасында да "сағынып жатырмын" деп хабарласа береді. Кішкентайынан біздің тәрбиеде болды.

Оған жер бетіндегі барлық жылы сөзді айтып, айналамын. Алладан тек амандығын тілейміз. Дұғамызда бәле-жаладан, тіл-көзден сақ болуын сұраймыз.

Баламның өзіне де сахнаға шығарда дұға оқуды кішкентайынан үйреттім. Концерт біткен соң суға түседі.

Халықтың ниеті түзу, балама тілектес болып жатады. Көптің тілегі қабыл болар деп ойлаймыз",-дейді Миуа әжесі.
Димаштың әжесі әншінің әлі күнге қасында жатып еркелейтінін айтып қойды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жақында ғана ата-әжесінің қасында бір апта жатып демалған әнші ұлттық тағамдармен күш жинаған.

"Балам қазақтың тамақтарын жақсы көреді. Кеше бір аптада етін, қазы-қарта, балық өнімдерін, шұбатын ішіп кетті. Ол көп талғамайды, тамақтың бәрін іше береді",-дейді әжесі.

Ал Димаштың өзі мен ата-анасы Астанадағы сайлау учаскесінде дауыс береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798607-dimasty-zesi-nsini-li-knge-kasynda-zatyp-erkelejtinin-ajtyp-kojdy/