Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда сыйлық алғанына қуанған қария билеп жіберді (видео)

Опубликовано:

Түркістанда алғаш болып дауыс берген қария сыйлыққа ие болып, билеп қайтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Түркістан қаласындағы №125 сайлау учаскесіне ерте келіп, өз таңдауын жасаған қария Жақсылық Әбуов сыйлық алды.

Оған ерлер жейдесі тарту етілді. Бұл сыйлыққа риза болған белсенді тұрғын сайлау учаскесінде би билеп, келушілерге көтеріңкі көңіл сыйлады.

Айта кетейік, Түркістандағы бұл сайлау учаскесіне тағы екі сайлаушы алғашқылардың бірі болып келіп, сыйлыққа ие болған еді.

Мәселен, егде жастағы ана Ханымкүл Қаншыбаеваға орамал, ал 18 жасқа енді толып, сайлау құқығына ие болған жас жігіт Бекболат Бексұлтанға жейде табысталды.

Дәл осы Түркістандағы №118 сайлау учаскесінің алғашқы дауыс берушісі, 71 жастағы Біржан Мұсаевқа шапан жабылды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798641-trkistanda-algasky-bolyp-dauys-bergen-karia-zrtty-kilin-kterdi-video/

pixel