ОСК бюллетеньдерге қатысты видеоны зерттеуге уәде берді

Опубликовано:

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров әлеуметтік желілерде бюллетеньдерді жәшікке жаппай тастап жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Кадрдан бірнеше әйелдің жәшікке бума қағаздарды тастап жатқаны байқалған. Бейнежазбаның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.

"Қазір бұған қатысты пікір білдіру мүмкін емес. Материалды зерттеп, әрбір жағдай бойынша жеке шешім қабылдау қажет. Міндетті түрде тиісті органдар зерттейтін болады", - деді Петров.

Естеріңізге сала кетейік, 18:00-ге дейін қазақстандықтардың 72,9 %-ы дауыс бергені хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798668-osk-bulletenderge-katysty-videony-zertteuge-ude-berdi/