ІІМ: Алматы мен Нұр-Сұлтанда 500-дей адам ұсталды

Опубликовано:

Орталық сайлау комиссиясында Ішкі істер министрлігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында заңсыз шеруге шыққан азаматтар жайлы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Құзырлы орган өкілінің мәліметінше, жалпы Қазақстан бойынша сайлау күні қоғамдық тәртіп жұмысына 19 мың полиция қызметкерлері жұмылдырылған екен.

"Елімізде сайлау бірқалыпты жағдай өтті. Қазақстандағы 903 дауыс беру бөлімшесінде бірде бір оқыс оқиға тіркелген жоқ. Десе де Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында заңсыз шеру ұйымдастыру оқиғасы орын алды.
Бүгінде Алматы мен елордада шеруге шыққан 500-дей адам ішкі істер бөлімшелеріне қамауға алынды. Мысалы, Нұр-Сұлтанда шеруге шыққандар көшеде көліктің алдын жаппақ болып, арандатушылық әрекеттерге барды. Құқық бұзушыларды ұстау кезінде полицейлер тарапынан арнайы құралдар қолданылған жоқ", - деді ІІМ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798676-iim-kili-almaty-men-nr-sltan-kalalarynda-seruge-katyskan-500-dej-adam-staldy/