Cайлау нәтижелерін жариялауға бөгет жасалған жағдайда қандай шара қолданылады?
Опубликовано:
Бас прокуратура өкілдері сайлау аяқталған соң дауыс беру қорытындылары ұсынылмаса немесе сайлау нәтижелерін жариялауға бөгет жасалған жағдайда қандай шаралар қолға алынатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыс беру қорытындылары немесе сайлау нәтижелері туралы мәліметтер ұсынылмаса немесе жариялауға бөгет жасалатын болса, дауыстарды санағаннан кейін сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілетін болса, оған жол бергендер болса, олардың барлығы әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық заңның 121-бабы бойынша жауапқа тартылады", - деді ол.
Сонымен бірге, брифингте бүгінгі сайлау барысында бақылаушылар тарапынан қанша арыз-шағым түскені белгілі болды.
"Жалпы бақылаушылардан атынан үш арыз-шағым түсті. Біреуі Түркістан облысының Келес ауданында, біреуі Шымкент қаласындағы Абай ауданында. Олар бақылаушыға №36 сайлау учаскесі дауыс беруге рұқсат бермейтіні туралы мәлім еткен, десе де аталған өтініш өз шешімін тапты.
Тағы бір оқиға-күйеуі мен әйелі өзінің өтініштерін жоғалтып алдық деп шағым түсірген, ол мәселе де өз шешімін тапты. Жалпы сайлау барысында қадағалау біркелкі, жоғары жүргізілді", - деп сөзін қорытындылады құзырлы орган өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798683-cajlau-ntizelerin-zarialauga-bget-zasalgan-zagdajda-kandaj-sara-koldanylady/