Тоқаев жеңіске жетті: ОСК алдын-ала қорытындыны жария етті
Опубликовано:
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өткен Қазақстандағы президенттік сайлаудың алдын-ала қорытындыларын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Константин Петровтың мәліметтері бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинады.
Яғни, оған 6 504 054 қазақстандық азамат дауыс берген.
Әміржан Қосанов 16,02% дауыс алды, оны 1 472 733 қазақстандық қолдаған.
Жамбыл Ахметбеков: 1.83% (167249 дауыс).
Дания Еспаева 5,2% (470 153 дауыс).
Төлеутай Рахымбеков 3.2% (294 271 дауыс).
Амангелді Таспихов 2,07% (190,304 дауыс).
Сәдібек Түгел - 0,92% (84 348 дауыс).
ОСК мәліметінше, президент сайлауынд қазақстандықтардың 77,4% дауыс берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798763-tokaev-zedi-osk-aldyn-ala-korytyndyny-zaria-etti/