Қарағанды облысында төрт жігіт кафедегі адамдарға шабуылдаған (видео)
Опубликовано:
Қарағанды облысының Абай қаласында бетперде төрт киген жігіт кафеге шабуылдап, мүлікті қиратқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 7 маусым күні 23.00 шамасында болған.
"Абай қаласында төрт бұзақы кафеге баса-көктеп кіріп, қаланың екі тұрғынын соққыға жығып, терезе сындырған. Жедел іздестіру шаралары барысында 27 мен 31 жас аралығында төрт азамат анықталды", - деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары мен сараптамалар тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798968-karagandy-oblysynda-betperde-kigen-trt-zigit-kafedegi-adamdarga-sabuyldagan-video/