ІІМ Алматыда ұсталған журналистке қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев журналист Шоқан Алхабаевтың құрықталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сіздердің әріптестеріңіз (Шоқан Алхабаев– Ред.) түнгі уақытта оның журналист екенін растайтын құжатсыз жүрген. Ол адамдарды ұстап жатқан жерге тым жақын барды. Бейджсіз, жилетсіз, ол уақытта бәрі болуы мүмкін", - деді Қожаев.
Сондай-ақ ол осындай артық кеткен жерлер үшін кешірім сұрады.
"Алайда бұл жерде оның да кінәсы бар", - деп қосты ол.
Естеріңізге сала кетсек, 10-нан 11-не қараған түні адамдар санкцияланбаған митингке қайта шыққан болатын.
Полиция наразылық топты ұстауға мәжбүр болды. Түсірілім кезінде полицейлердің әрекетінен журналсит жапа шеккен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799017-iim-almatyda-stalgan-zurnalistke-katysty-pikir-bildirdi/