Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: Ереуілге қатысқан 200 адам Нұр-Сұлтаннан басқа аймақтарға жеткізілді

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 9 маусым күні елордада ереуіл кезінде тұтқындалған азаматтардың көрші аймақтарға шығарылуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ІІМ: ереуілге қатысқан 200 адам Нұр-Сұлтаннан басқа аймақтарға жеткізілді
Фото:Видеодан скриншот: Facebook

Бұдан бұрын ведомство Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бірінші күні 500 жуық адам тұтқындалып, 400 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Екінші күні тәртіп сақшылары 200-ге тарта адамды құрықтап, 150 адамды жауапкершілікке тартқан.

"Бір бөлігіне айыппұл салынса, енді біреулеріне тұтқындау әкімшілік шарасы қолданылды. Процедуралардың сақталуына келсек, сотталушылардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында сотталды, ал сот үкімі бойынша шығарылған жазаны қайда өтейтіндері нормативті-құқықтық актілерде көрсетілген.
Біз сот шешімін орындауға тиіспіз. Ішкі істер органдары оны қалай орындайтындарын, қай бөлімшеде және оларды ұстауға қандай жағдай болуы керегін өздері шешеді. Бұл біздің құқықтық актілерде реттелген.
Біз жазаларын қауіпсіз жерде өтеулері үшін оларды алып кеттік. 200 жуық адамды Ақмола және Қарағанды облыстарына апардық", - деді Қожаев жуналистерге.

Осыдан бұрын ол Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында "ҚДТ" ұйымдастырған санкцияланбаған митингтер өткенін хабарлады. Ішкі істер органдарының күшімен қоғмға қарсы акциялар тоқтатылды.

"ІІО-ның жеке құрамы ел басшысы және министрліктің бұйрығы бойынша санкцияланбаған митингтің белсенді қатысушыларын құрықтау және ереуіл кезінде өздерін дұрыс, байсалды ұстады. Жеке құрам ереуіл кезіндегі арандатушылық әрекеттерге бой алдырмай, төтеп берді.
Қатысушылар тарапынан ешкім жапа шекпеді. Ереуілге шыққандарды тоқтату үшін арнайы құралдар пайдаланылмады. Біз тек наразылық орнынан адамдарды шығару тәсілін жүргіздік", - деді ол.

Оның айтуынша, ІІО жеткізілгендердің әрқайсының ісі жеке қаралды.

Еске сала кетейік, ІІМ сайлау күні және 10 маусымда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 700- ге жуық адам ұсталғанын хабарлады.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Нұр-Сұлтандағы санкцияланбаған акцияларға түсініктеме бере отырып, мұндай әрекеттерді полиция заңсыз деп бағалауы мүмкін деп хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799019-iim-ereuilge-katyskan-200-adam-nr-sltannan-baska-ajmaktarga-zetkizildi/

pixel