"Қорқынышты кадрлар": Алматыдағы Төле би көшесін түнде бір топ адам жауып тастады (фото)
Опубликовано:
Төле би көшесіндегі бақылау камералары жол қозғалысына кедергі болған адамдардың әрекетін түсіріп алды. Өткен түні Алматы қаласы тыныш болмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роликті қалалық полиция жіберді.
Жазба осы жылдың 1 маусым күні сағат 23:30-да түсірілген.
Кадрдан бір топ адамдардың жол бойымен келе жатқанын, олармен бірге авариялық жарығын қосқан көліктердің еріп жүргенін байқауға болады.
Олар көлік қозғалысына үлкен кедергі келтірген. Соның салдарынан көше бойында үлкен кептеліс орын алды.
"Қазіргі уақытта Алматыдағы жағдай толықтай бақылауда. Көлік қозғалысы мен барлық қажетті қызметтер қамтамассыз етілді. Көшедегі қауіпсіздік шараларын қадағалауға байланысты шешім қабылданды", - деді полиция департаменті.
Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзуға, тұрғындардың заңға қайшы іс әрекетін жасауына мүмкіндік бермейді.
Еске сала кетейік, ІІМ сайлау күні және 10 маусымда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 700- ге жуық адам ұсталғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799061-almatydagy-tle-bi-ksesin-tnde-bir-top-adamdar-zauyp-tastady-foto/