Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем бойынша Telegram желісі істен шықты

Опубликовано:

Telegram желісі бірнеше елде жұмысын тоқтатты. Әлем бойынша көптеген желі қолданушылары әлеуметтік желінің істен шыққанын хабарлап, дабыл қағуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: Twitter

Downdetector порталының ақпаратына сәйкес, Telegram бірқатар ресейлік қалалар мен Еуропа елдерінде істен шыққан.

Жүйенің көрсеткіштеріне қарап, әлеуметтік желінің жұмысында Алматы уақыты бойынша сағат 18:00-ден бастап кедергілер пайда болған.

Көпшілік желіге қосыла алмай жатыр. Ал кейбіреулер хабарламалар жіберілмей жатқанына шағымдануда.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда WhatsApp пен Instagram істен шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799126-lem-bojynsa-telegram-zelisi-isten-sykty/

pixel