Алматыда сұлулық салонында жұмыс істейтін келіншек ұшты-күйлі жоғалып кетті

Опубликовано:

Алматы облысында сұлулық салонында жұмыс істейтін Батура Мамедова есімді келіншектен екі аптадан бері хабар жоқ. Әйел адамды үйінде туыстары мен екі баласы күтіп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр/ктк
Видеодан кадр/ктк: Facebook

Көкқайнар ауылының тұрғыны соңғы рет үлкен қызына хабарласып үйіне бара жатқандығын ескерткен.

Жақындары содан бері 40 жастағы Батурадан хабар болмағанын айтады.

Оның үстіне туыстары сұлулық салонында косметолог болып істеген жақын мойнындағы қымбат алқасы мен үнемі сөмкесінде алып жүретін қомақты қаражатына бола қылмыскерлердің құрбаны болды ма деп алаңдаулы.

Ал сұлулық салонының қызметкерлері да әріптесінің күнделікті уақытта үйіне кеткенін жеткізді.

"Ол жұмыстан ерте кететін. Біз 10-да шықсақ, ол шамамен 8-де жұмыстан шығады. Сол күні 8-30-ға дейін сұлулық салонының жиналысына байланысты кешігіп шықты. Бейнебақылау камераларынан көрсек, бірінші дүкенге кіріп, содан кейін автобусқа отырып кеткен. Осыдан кейін ешқандай хабар алған жоқпыз", - дейді Маржан Рысқалиева.

Сондай-ақ, туыстары Батураның тік мінезді екенін алға тартты. Олардың сөзінше, ол әлдекімдермен шекісіп қалуы да ықтимал.

Алайда, жұмыс пен үйдің арасындағы бір жарым сағаттық жолда қандай жағдай боп қалуы мүмкін екендігін әлі күнге дейін білмей дал.

Батураның екі қызы мен туыстары ауыл маңы мен көрші елді мекендердің барлығын аралап шыққан. Алайда ешқандай нәтиже болмаған.

Полиицяға бірден арыз түсірген жақындары Батура Мамедованы бастапқыда іздеу ісімен қалалық Түрксіб ауданының ішкі істер бөлімі айналысқанын, қазіргі уақытта істі Алматы облыстық полиция департаменті қабылдап алғанын алға тартты.

Сонымен қатар із-түзсіз кеткен келіншекті іздеуге еріктілер де көмектеспек.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799353-almatyda-slulyk-salonynda-zmys-istejtin-eki-balanyy-anasy-iz-tzsiz-zogalyp-ketti/