Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят жағдай": Тоқаев Нұр-Сұлтандағы ашық люктер мәселесін көтерді (видео)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 маусым күні Нұр-Сұлтан активі алдында сөз сөйлеп, ашық люктер мәселесін көтерді. Президент бұл елорда үшін ұят жағдай екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Қасым-Жомарт Тоқаев адам өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті ашық люктер жөнінде сөз қозғады.

"Люктер проблемасы - ұят жағдай. "Еуразия астанасы" деп аталып кеткен елордада адамдар люкке құлап жатыр. Үкімет пен әкімдік күш біріктіре бұл мәселені шеше алмай келе жатыр" , - деді Тоқаев.

Артынан мемлекет басшысы билікке аталмыш мәселені шешуге аз қалғанын айтты.

"Бұл не болғаны? Ұят жағдай. Яғни, жер мәселелерін қолға алу керек. Көп сөзді қояйық. Оны біз істей аламыз. Жұмыс істеуіміз керек. Бірінші тұрғыда халық үшін" , - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799564-at-zagdaj-tokaev-nr-sltandagy-asyk-lukter-mselesin-kterdi-video/

pixel