Алматыда Оңтүстік Корея азаматтарымен көңіл көтерген жезөкшелер ұсталды
Опубликовано:
Алматыда полиция қызметкерлері Оңтүстік Корея азаматтарымен көңіл көтерген жезөкшелер тобын құрықтады деп жазады қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Құқық және тәртіп" атты жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Бостандық ауданының полиция қызметкерлері караоке барда "жұмыс істеген" 23 жезөкшені ұстады.

Тексеру барысында жеңіл жүрісті қыздардың 15 Оңтүстік Корея азаматтарымен көңіл көтергені белгілі болды.

"Бұл ғимарат бірнеше рет біздің назарымызға ілініп отыр. Мекеменің қожайындары жиі ауысады, бірақ жұмыс істеу бағыты түсініксіздеу", - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Оның айтуынша, ұсталғандар полиция бөліміне жеткізілді.
Жеңіл жүрісті қызлардың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

"Шетел азаматтарын көші-қон заңнамасына сәйкес тексеруден өтуде. Қазіргі уақытта караоеке-бардың қожайынын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Оның үстінен заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады", - деді Дәурен Өтебаев.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799617-almatyda-otstik-korea-azamattarymen-kil-ktergen-zezkseler-staldy/