Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағына екі жеңіл көлік сыйлады (фото)

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағына қос темір тұлпар сыйға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagarm/tokayev_online, facebook/Жандарбек Әшімхан
Фото: Instagarm/tokayev_online, facebook/Жандарбек Әшімхан: Instagram

Бұл туралы ақын Жанарбек Әшімжан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағына, қаламгерлер игілігіне қос бірдей темір тұлпар сыйлады. Детектив жанрының негізін қалаған аяулы әкесінің әріптестеріне деген құрметі осылай болса керек. Құтты болсын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799794-tokaev-kazakstan-zazusylar-odagyna-eki-zeil-klik-syjlady-foto/