Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында мемқызметкерлер ләңгі ойнап, асық атудан жарысты (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер ләңгі ойнап, асық атудан өзара жарысқа түсті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

"Жемқорлыққа жол жоқ!" ұранымен өткен спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлердің бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары әріптестерін алда келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтап, спартаикада қатысушыларына сәттілік тіледі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Додаға қатысушылар спорттық ойын түрлері: асық ату, кір көтеру, қол күресі және ләңгі тебуден бақтарын сынады. Сонымен қатар жарыста кіші футбол, кермеге тартылу, үстел теннисі, волейбол, шахмат ойын түрлері бойынша да кіл мықтылар анықталды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте аудандағы ауылдық округ әкімшілігі аппараты қызметкерлерінен құрылған топ көш бастады.

Екінші орынға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен үшінші орынға аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің құрылған команда ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800090-trkistan-oblysynda-memkyzmetkerler-lgi-ojnap-asyk-atudan-zarysty-foto/

pixel