Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында айуандықпен өлтірілген әйелдің туыстары мән-жайды баяндады

Опубликовано:

Алматы облысында өлтірілген Батура Мамедованың өлімініе қатысты тергеу жүріп жатыр. Екі баланың анасы үш апта бұрын жұмыстан қайтқан күйі із-түзсіз жоғалған болатын. Марқұмның денесі көрші ауданнан табылған. Туыстары әйел адамға алтын бұйымдары мен ақша үшін шабуыл жасалуы мүмкін деп топшылаған деп хабарлайды КТК арнасы.

"Айуандықпен өлтірген": Кісі қолынан қаза болған алматылық келіншектің туыстары мән-жайды айтып берді
Фото: Видеодан скриншот: Facebook

Батура Мамедова 27 мамыр күні кешкі сағат 8 жарымда жұмысынан шығып үйіне бет алғанын соңғы рет қызына ескерткен. Алайда күнделікті келетін уақытынан кешіккендіктен, уайымдай бастаған қос қызы бірден туыстарына хабар беріпті. Олар дереу арада Түркісіб ауданың полициясына арыз жазып, өздері де іздеуге кіріскен.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін іс облыстағы құзырлы орындардың қолына өтеді. Көрші-қолаң, еріктілер барлығы іздеуге кіріскеннен кейін жақсы хабардың болатындығынан үміттенген. Алайда, құзырлы орын өкілдері сенбі күні кешке Алматы маңынан мәйітті қазып алғандарын хабарлаған. Ауыр қайғыдан қан жұтқан әулет енді қылмыскерлерді ең жоғарғы жазаға тартуды талап етуде.

"Біз құзырлы органдардың барлығына жүгіндік. Барлығы бізге келеміз дегеннен басқа ештеңе айтпады. Егер дер кезінде әрекет жасағанда бәлкім мұндай жағдай болмас еді. Сонымен қатар барлығын қатаң бақылауда ұстаса, пышақ ұстап кісі өлтіретіндер болмас па еді. Ал, айуандықпен кісі өлтіріп, екі қызды жетім еткен қылмыскерлерге жазаның ең ауырын талап етемін. Сондай-ақ соттың әділ үкімі үшін соңына дейін барамыз", - деді марқұмның туысы Гүлімзат Гадирова.

Сондай-ақ туыстарының сөзінше Батура Мамедова сол күні Ашыбұлаққа дейін жетіп, үйіне дейін күдіктілердің көлігіне мінген. Орта жолда косметологтың сөмекесіндегі қаражатты көрген ерлі-зайыптының арам пиғылдары оянып, көліктің ішінде пышақтай бастапты.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша Батура Мамедованы қаскөйлер соққының астына алып, кейін бауыздаған. Ал мәйітті Қарасай ауданында орналасқан Береке ауылынның маңына көміп кетіпті.

Алдын ала болжам бойынша қаскөйлер косметологтың 40 грамдық алтын алқасына көзі түсіп, қылмысқа барулары мүмкін.

"Екі күдікті де Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытты күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Күдіктілер тергеу барысында мәйітті көршілес Қарасай ауданындағы көмген жерді көрсетті. Қазіргі уақытта аталған дерекке сәйкес қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Серік Үпиев.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800180-almaty-oblysynda-ajuandykpen-ltirilgen-jeldi-tuystary-mn-zajdy-baandady/

pixel