RU

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингтер кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті

Алматы мен Нұр-Сұлтанда тоғызыншы және 12 маусым аралығында бірқатар санкцияланбаған митингтер болып өтті. Заңсыз шеру нәтижесінде төрт мыңға жуық митингке қатысушы тұтқындалып, үш жүзден астам тәртіп сақшысы зардап шекті. Бұл туралы ІІМ баспсасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зардап шеккен полицей. Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Зардап шеккен полицей. Фото: ІІМ баспасөз қызметі: Facebook

ІІМ хабарламасында құқыққорғау органдарының қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін орынды әрі заң жүзінде атқарғаны жазылған. Алайда, қақтығыс кезінде бірқатар полицей жарақат алып қалған.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, шамамен үш жүзден астам тәртіп сақшысы түрлі ауырлық дәрежесінде жарақат алып, зардап шеккен. Олардың бесеуіне дәрігерлер көмегі қажет болды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы ереуіл кезінде 24 жастағы жүргізуші полицейді қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Жақында оған ота жасалмақ.

Сонымен қатар, ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев заңсыз митингтер кезінде шерушілер полиция қызметкерлеріне қалай шабуылдағанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800209-nr-sltan-men-almatydagy-mitingter-kezinde-300-den-asa-policej-zardap-sekti/