"Түсіме жиі кіреді": Қайтыс болған жігітін ұмыта алмаған қыз жан сырын ақтарды
Опубликовано:
Қайтыс болған жігітін ұмыта алмай жүрген 27 жастағы ару жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, құрбылары мен туыстары көрсеткен қолдау күйзелістің шырмауынан шығуға көмектесер емес деп жазады "Алаш айнасы".

Бойжеткеннің сүйіктісі осыдан бір жыл бұрын көз жұмған.
"Ол қазір мені тек көктен ғана бақылап, көріп жүргендей сезінемін. Оны еш ұмыта алмайтын шығармын. Үйленеміз деп жүр едік. Екі жылдай кездесіп, сырласып, бір-бірімізге әбден бауыр басып қалып едік. Бірақ бірге болуды жазбаған екен. Одан кейін де қанша жігіт үйленуге ұсыныс жасады, білмеймін танысқан жігіттен бұрынғы жігітімнің бойындағы қасиетін іздеймін де тұрамын.
Оны қалай ұмытсам болады, қалай жаңа өмір бастасам болады? Ата-анам да көзіміздің тірісінде сені қолдан ұзатып, немере сүйейік дейді, бірақ сондай кезде өте қиын, оларға не айтарымды білмеймін", - дейді ару.
Біреуді сүйіп, сүйікті жар, ибалы келін атанғысы келетін қыз қашан басқаға көңіл аударатынын білмейді. Бойжеткенге, тіпті, психологтың көмегіне жүгіну де нәтиже бермепті.
"Оны ұмытқым келмейді, тек жүрегімнің бір бұрышында мәңгіге сақтағым келеді. Түсіме де жиі кіреді, менің бақытты жүзімді көргісі келетінін айтады", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800269-tsime-zii-kiredi-kajtys-bolgan-zigitin-myta-almagan-kyz-zan-syryn-aktardy/