Ақтөбеде бидің түбін түсірген түлектің тағы бір видеосы жарияланды
Опубликовано:
Ақтөбеде түлектерді марапаттау шарасында ортаға шығып, бидің түбін түсірген түлек тағы да желіге шықты. Бұл жолы алтын белгі иегері бидің толық нұсқасын өзі жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін қаладағы №3 мектептің түлегі Сәбина Батенова NUR.KZ порталына сұқбат беріп, көңілді биінің арқасында осылайша танымал болатанын тіпті күтпегенін айтқан еді.
Бұл жолы бойжеткен сүйікті әншісі Әбдіжаппар Әлқожаның әніне беріле билеген сәтін желіге өзі салған.
Айта кетейік желіге шыққан алғашқы видео үш мыңға жуық пікір жинаған. Көпшілік түлекті алтын белгісімен құттықтап, ақ жол тілеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800331-marapattau-kesinde-bidi-tbin-tsirgen-tlekti-tagy-bir-videosy-zarialandy/