RU

Әріптестері Ералы Тоғжановты ән-күймен шығарып салды (видео)

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Ералы Тоғжановты әріптестері ән-күймен шығарып салды. Видео кадрларын саясаттанушы Еділов өз Telegram-арнасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Тоғжановтың әріптестері мен өңірлік кәсіпорындардың жетекшілері экс-әкімді әнмен, күймен және ақ тілектерімен шығарып салды деп жазады Lada.kz.

Мұндай ықыласқа риза болған Ералы Тоғжанов артқан сенімдері мен бірлескен жұмыс үшін баршаға алғыс білдірді.

Ол әкім қызметінде шамамен екі жарым жылдай уақыт отырды.

Басылымның хабарлауынша, президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Тоғжановтың жұмысында еш кінәрат жоқ екенін айтқан.

Енді Маңғыстаудың бұрынғы әкімі басқа қызметке ауыспақ. Алайда, қандай қызмет екені әзірге белгісіз.

Айта кетейік, облысы әкімі болып Серікбай Тұрымов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800335-riptesteri-eraly-togzanovty-n-kjmen-sygaryp-saldy-video/