Өмірзақ Шөкеев: Әкімдерде команда болу керек
Опубликовано:
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кадр таңдауда нендей критерийлерді назарға аударатынын айтып, әкімдердің өз командасын жасақтауына қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай журналистермен кездескен сәтінде мәлімдеді.
"Кадр бойынша айтсам, біреулер жақындарын, жерлестерін тартады деп ойлайды. Негізі оны тексеру оп-оңай. Бүкіл мен істеген жерлерде өзім тағайындайтын адамдарды, мен жұмысқа тартқан адамдарды алып анализ жасасаңыздар, бәрі шығады. Негізі қай жерде жұмыс істейін, Қостанай, Астана, мейлі Шымкентте болсын, кәсіби команда теріп жүремін. Әкімдерде команда болу керек. Әрине, кәсіби кадрлар. Әр жерде, әр саладан",-деді аймақ басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800353-mirzak-skeev-kimderde-komanda-bolu-kerek/