Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында мас жүргізуші көшеде ойнап жүрген 11 жастағы баланы қағып кетті

Опубликовано:

16 маусым күні кешке Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында көшеде ойнап жүрген 11 жастағы баланы "Ваз-2107" автокөлігі қағып кетті деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Көрнекі фото: vcatuva.ru
Көрнекі фото: vcatuva.ru: Facebook

Жеткіншек алған жарақаттары салдарынан ауруханада қаза болды.

"Бала басынан қатты соққы алған. Еш көмектесе алмадық", - дейді аудандық аурухананың дәрігері Жайнагүл Ермекбай.

Жол апатына себепкер болған көлікте 30 жастағы мас жүргізуші отырғаны анықталды.

Қазір азаматқа қатысты қылмыстық із қозғалды. Күдікті уақытша қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800410-atyrau-oblysynda-mas-zrgizusi-ksede-ojnap-zrgen-11-zastagy-balany-kagyp-ketti/