"Тым ерте кетті": 21 жастағы "Атырау аруы" қайтыс болды
Опубликовано:
Бүгін, 19 маусым күні "Атырау аруы - 2015" Гаухар Қасаева қайтыс болды. 21 жастағы бойжеткен қатерлі ісікке шалдығып, дертімен күрескен еді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Гаухар бүгін таңғы тоғызда қайтыс болды" , - деп хабарлады марқұмның туыстары.
KAZ.NUR.KZ бұған дейін хабарлағандай, Гаухар Қасаеваның ауыр дертке шалдыққаны 2018 жылы белгілі болған.
Дәрігерлер оған "құрсақ қуысының саркомасы" атты қорқынышты диагноз қойып берді.
Өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын сұлулық байқауларының жеңімпазы Instagram парақшасында мәлімдеді.
2017 жылы Гаухардың іші жиі ауыра бастаған. Тексерістен өткен соң, ол өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын білген.
Аруға Қазақстанда екі ота жасалынды. Алайда жергілікті онколог мамандар оны шетелде емдеуге кеңес берген.
Гаухар Оңтүстік Кореядағы емнің шарттарымен танысып, қаржы жинау үшін арнайы есепшот ашқан. Алайда, қазақстандық бойжеткенді құтқарып қалу мүмкін болмады.
Желі қолданушылары марқұм қыздың парақшасында оның туыстарына қайғыра көңіл айтуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800541-tym-erte-ketti-21-zastagy-atyrau-aruy-kajtys-boldy/