RU

СҚО-да 1 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

Петропавлда 2018 жылы туған қыз бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: sever-press.ru
Көрнекі фото: sever-press.ru: Depositphotos

Қайғылы оқиға 19-шы маусымда кешкі сағат 18.10-да болған.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 жасар сәби 9 қабатты үйдің соңғы қабатынан құлап кеткен. Алған жарақаттардан сәби сол жерде көз жұмды.

Осы орайда құтқарушылар сақтық шараларын ұмытпауды сұрайды.

Яғни, үйде бала болған жағдайда терезені ашық қалдырмауды, терезенің қорғанышы болмаса москиттік торды қолданбауды, әсіресе терезе, балкон қасында ойнап жүрген баланы бақылаусыз қалдырмауды, терезе жанына жиһаз қоюмауды ескертеді.

Сондай-ақ ата-аналар ересек балаларын кішілеріне бас-көз болуды үйреткендері жөн.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда саудада терезеге қоятын түрлі қорғаныш блокираторлар жетерлік. Ол балаға терезені өздігінен ашуға мүміндік бермейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800565-sko-da-1-zasar-sbi-terezeden-klap-kz-zmdy/