Полковник гранатаны түсіріп алған сарбазды құтқарып қалды
Опубликовано:
19 маусым күні шекара қызметіне қарасты 2027 әскери бөлімінде полковник Сергей Смицких жақында ғана әскер қатарына алынған сарбазды құтқарып қалды деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Офицердің қол гранатасын окоптан, бір орыннан лақтыру сабағын өтіп жатқаны хабарланды.
Қолданылатын нәрсе күнделікті жаттығудағыдай гранатаның муляжы емес, гранатаның өзі екендігі де айтылды.
Ведомстоның мәліметінше, сарбаздар алдын ала мұқият үйретіліп, автоматизмге дейін жеткізілген іс-қимылдарды кезегімен орындап жатқан.
Шекара қызметінің баспасөз қызметі сабақ кезінде бір сарбаздың сасқалақтап, қолындағы шығыршығын суырып қойған гранатасын аяғының астына түсіріп алғанын атап өтті.
Олар осыны байқап үлгерген 2027 әскери бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары, полковник Сергей Смицких көз ілеспес жылдамдықпен окоп түбіндегі гранатаны іліп алып, қауіпсіз жерге лақтырып жібергенін жеткізді.
"Өзі сарбазды жерге құлатып, бүкіл денесімен оны жаба, үстіне құлаған. Жарылған гранатаның жарықшақтары окопқа дейін жетіп, полковник екі аяғынан және екі қолының сыртынан, сарбаз екі аяғы мен сол жақ жауырынынан жарақат алды. Тәжірибелі тәлімгер, полковник Сергей Смицкихтің салқынқандылығы мен шапшаңдығы болмағанда, оқиға салдарын көзге елестетудің өзі қиын болар еді", - деді ведомство.
Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полковник пен сарбазға алғашқы көмек көрсетілгенін, қазіргі уақытта ҰҚК әскери госпиталінде екендігін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800606-polkovnik-granatany-tsirip-algan-sarbazdy-ktkaryp-kaldy/