Алматыда көлік жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан жас қызды қағып кетті
Опубликовано:
Оңтүстік астанада көлік жүргізушісі жас қызды қағып кетті. Зардап шеккен бойжеткен аса ауыр халде жатыр деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты Үлкен Алматы каналының бойындағы көше мен Өтемісұлы көшесінің қиылысында орын алған.
Оқиға куәгерлернің айтуынша, Nissan Maxima ҮАК көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Өтемісұлы көшесімен қиылыста жолға күтпеген жерден бойжеткен жүгіріп шыққан. Ару өзіне бағдаргамның қызыл түсі жанып тұрса да, қозғалысын тоқтатпады
Нәтижесінде жүргізуші көлікті уақытылы тоқтата алмай, жаяу жүргінші қызды қағып кеткен.

Зардап шеккен бойжеткенді жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Оның жағдлайы аса ауыр деп бағалануда.
Полиция қызметкерлері оқиғанығ анық-қанығын анықтап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800608-almatyda-klik-zrgizusisi-zolga-zgirip-sykkan-zas-kyzdy-kagyp-ketti/