Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады?

Опубликовано:

школьники смотрят результаты ЕНТ
Фото: Original

Бүгін 20 маусымда Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Осыған орай білім және ғылым министрлігі ҰБТ нәтижелерін қайдан көруге болатынын мәлімдеді деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада биылғы жылы жалпы саны - 117 242 жас ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргендері, олардың ішінде 96 380 түлек ҰБТ тапсыратыны туралы ресми ақпарат бар.

Сондай-ақ, баспасөз хабарламасында биылғы жылдың ҰБТ нәтижелерін қайдан көруге болатыны жазылған.

Осылайша түлектер тест нәтижесін @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен, edu.mail.kz сайты және ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты – www.testcenter.kz біле алады.

"Ал қандай да бір заң бұзушылық орын алса, +7 (7172) 69-50-87 телефон номеріне немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз" деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге, ата-аналар мен түлектер сауалдарына жауап беру үшін, тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істеп тұрған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800637-bt-ntizelerin-kajdan-biluge-bolady/

pixel