Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін атады
Опубликовано:
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков парламент сенатының отырысында теңге курсының нығаю себептеріне байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта мұнай бағасы тұрақтанды, ресей рублі нығайды, Ресейдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Нарықтағы жағдайды сіздерде көріп жүрсіздер. Курс өтпелі, бірақ ол нығайды, көлем қалпына келуде", - деді Смоляков.
Еске сала кетсек, президенттік сайлау алдында ұлттық валютаның құлдырауы туралы белсенді талқыланды. Сол уақытта Олег Смоляков бұған ешқандай себеп жоқ екенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800971-lttyk-bank-tegeni-nygau-sebeterin-atady/