Аптап ыстық: Елімізде ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді

Опубликовано:

Алдағы үш күнде Қазақстанда аптап ыстық болады.Термометр көрсеткіші 43 градуысқа дейін жетеді деп хабарлайды РМК "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ejin.ru
Фото: ejin.ru: UGC

Бүгін, 21 маусымда, астрономиялық жаз басталды. Синоптиктер атап өткендей ауа-райы соған сәйкес болып тұр.

Осылайша, жақын күндері, 22, 23, 24 маусымда елдің батыс және оңтүстік бөлігінде температуралық көрсеткіштер 32-39 градус нөлден жоғары болады. Ауа 40-43 градусқа дейін жылынады.

Өзге аймақтарда да күн ыстық болады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800988-aptap-ystyk-elimizde-aua-temperaturasy-43-graduska-dejin-zetedi/