ІІМ басшысы митингтегі "қара киімді" адамдарға қатысты жауап берді
Опубликовано:
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа елімізде 9-10 маусым күндері өткен заңсыз митингтер кезінде тәртіп орнату шараларын жүргізген "қара киімді "адамдар туралы сұрақ қойылды деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.

Министр санкцияланбаған митингтер өткен жерлерде кездейсоқ адамдар болмағанын, оның ішінде "легионерлер мен жалдамалы қызметкерлер" жүрмегенін айтты.
«Суреттерді желіге жүктеген адамдарға өтінішім - бет-бейнесі анық көрінетін картинаны маған көрсетсінші.
Екіншіден, ЖҚАЖ (СОБР) секілді арнайы бөлімшелерде қызметтік киімнің үш түрі бар.
Олардың бас киімдерінде арнайы белгіше мен арқасы немесе қолында шеврон бар. Кездейсоқ адамдар ол жерде болмады - біздің бөлімшелеріміз, ЖҚАЖ және патрульді полиция мен Ұлттық гвардия қызметкерлері ғана жұмыс істеді.
Мен өзім жауапкершілікке ала отырып мәлімдеймін: өзге легионерлер мен жалдамалы "жендеттер" болған жоқ», - деп жауап берді Тұрғымбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801002-iim-bassysy-mitingtegi-kara-kiimdi-adamdarga-katysty-zauap-berdi/