Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәби терезеге ұшып кетті: Балқаштағы жол апатына полицей кінәлі болуы мүмкін

Опубликовано:

Екі айлық нәресте көз жұмған жол апатына себепкер болған, Ақтоғай-Балқаш тас жолында қарама-қарсы жоллаққа шығып кеткен "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полиция қызметкері болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Полицейдің жасы 28-де, оның қызметі- учаскелік полиция инспекторы.

Ақтоғай полиция бөлімінде "Мерседес" жүргізушісі қайда және қандай мәселемен бара жатқанын айтудан бас тартты. Көлік салонында жеті адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала болған.

Жарақат алған полицей ауруханада жатыр.

"Ер азамат және кәмелетке толмағандарды қосқанда, зардап шеккендер біздің ауруханада жатыр. Ал сәби өте ауыр жарақат алған", -деді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Балқаш аймақтық өкілдігінің басшысы Шолпан Қалықбекова.

Айта кетейік, Ақтоғай-Балқаш тас жолында "Мерседес" және "Мазда" автокөліктері соқтығысып, екі айлық сәби терезеге ұшып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801062-sbi-terezege-syp-ketti-balkastagy-zol-apatyna-policej-kinli-boluy-mmkin/

pixel