Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зымырандар мен оқ-дәрілер: Жарылыс болған Арыстағы қоймада не сақталды?

Опубликовано:

Қорғаныс министрлігінің өкілі Бахтияр Жантелеев "Хабар" телеарнасының эфирінде бүгін жарылыс болып өткен Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймаларында нақты не сақталғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: мультимедиа.минобороны.рф
Фото: мультимедиа.минобороны.рф: UGC
"Бұл арнайы әскери бөлім, түрлі калибрлі мен әртүрлі мақсаттағы зымырандардың белгілі бір қоры сақталған арсенал.
Онда артиллериялық оқ-дәрілер, минометті атулар, реактивті жүйелердің оқ-дәрілері сақталған. Негізінен жалпы әскери мақсаттағы оқ-дәрілер", - деп түсіндірді Жантелеев.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласында әскери бөлім аумағында радиоактивті оқ-дәрілердің болмағанын, "радиацияның ешқандай қаупі жоқ" екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801364-zymyrandar-men-ok-driler-zarylys-bolgan-arystagy-kojmada-ne-saktaldy/