12 жылдан бері перзент сүйе алмаған шымкенттік ана үшемді дүниеге әкелді (фото)
Опубликовано:
Шымкенте қос бірдей үшем дүниеге келді. Олардың анасы 33 жастағы Аида Баянболова мен 22 жастағы Гүлмира Қуандықова деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

33 жастағы Аида Баянболова 12 жылдан бері перзент сүйе алмай келген. Енді Аида Айзере, Алуа, Айзия есімді үшемнің анасы.
"Мерзімінен бұрын дүниеге келген үшемнің өкпесі дұрыс дамымай туғандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір балалардың денсаулығы жақсы, салмақ та қосты. Анасына үшемге қалай күтім жасау қажеттігін түсіндірдік", - дейді Шымкент қалалық перинаталды орталықтың жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Насиба Қорғанбаева.

22 жастағы Гүлмира Қуандықова екі қыз, бір ұлды дүниеге әкелді.
Оларға үшемге Сәбина, Әлинұр, Адина деп ат қойыпты. Сәбилер ай-күніне жетпей туғанымен, ақ халаттылардың арқасында қазір жағдайлары жақсы. Жас ана перзентхана дәрігерлеріне алғысын жеткізді.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная аналарға ыстық ықыласын жеткізіп, балаларының сау болып өсуіне тілектестік білдірді.
"Босанған ана мен нәрестелердің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болды. Перзентханадан шыққан соң да емхана мамандарының жіті назарында болады," - дейді дәрігер.
Шымкентте жыл басынан бері 10 мыңнан аса сәби дүние есігін ашқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801451-12-zyldan-beri-perzent-sje-almagan-symkenttik-ana-semdi-dniege-keldi-foto/