"Болашақ" стипендиаттарының есімдері белгілі болды
Опубликовано:
Биыл "Болашақ" стипендиаты атанып, шетелдегі үздік оқу орнында білімін жалғастыру бақыты 134 қазақстандыққа бұйырды. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Стипендиаттар шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті жиыны барысында анықталды.
Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шетелдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алады.
Сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтетін студенттер де бар.
Стипендиаттардың толық тізімін мына жерден көруге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801469-bolasak-stipendiattaryny-esimderi-belgili-boldy/