Назарбаев Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына ақша аударды
Опубликовано:
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери бөлім қоймаларындағы оқ-дәрі жарылысынан зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына ақша аударды деп хабарлайды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Twitter-де Айдос Үкібай Елбасы Арыс қаласында болған төтенше оқиға салдарынан зардап шеккен адамдардың тағдырына алаңдаулы екенін жазды.
"Елбасы мен Тұңғыш президент кеңсесінің қызметкерлері көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақысын тиісті қорға аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды орын алған қайғылы оқиғаға және азаматтарымыздың қайғысына бей - жай қарамауға шақырды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.
Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.
Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.
Бүгін, 25 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.
Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстықтарға көмек беріп жатқан халыққа алғысын білдірсе, Тұрғымбаев өртті не себепті сөндіре алмай жатқанын түсіндірді.
Сондай-ақ, жарылыс күні Арыста ұялы байланыс неге істен шыққаны, қазіргі уақытта қаланың жағдайы қандай екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан Арысқа 40 тонна азық-түлік жіберілді, ал Алматыдан құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жөнелтіледі.
Соңғы мәліметтер бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына өзінің бір күндік жалақысын аударды. Сондай-ақ, қалада жоғалып кеткен әскери қызметкер табылды.
Айта кететін жайт, жойқын жарылыс болған өңірде мешіттің әйнектері аман қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801566-nazarbaev-arys-trgyndaryna-kmek-krsetu-koryna-aksa-audardy/