Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста 350 адамның жоғалып кеткені рас па?

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде Арыс қаласына қатысты тарап жатқан ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдейді. Жарылыс болған шаһардың 350 тұрғыны жоғалып кетті деген хабарлама жалған деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ Арыста із-түзсіз жоғалған жүздеген жанға қатысты жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден алынды: UGC
"Бұл ақпарат төтенше жағдай орын алған күні тараған. Оны жоққа шығарған болатынбыз.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде қаланың барлық тұрғыны эвакуацияланып, анықталды. Із-түзсіз жоғалғандар жоқ", - деп хабарлады министрлік.

ІІМ қазақстандықтарды үрейге бой алдырмауға, тексерілмеген ақпаратқа, әсіресе мессенджерлер мен әлеуметтік желі арқылы таралатын хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Сонымен қатар ведомство өкілдері жалған ақпарат таратқан адам еліміздің заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске салды.

Ресми ақпарат тек жедел штаб арқылы таралады.

Еске сала кетейік, Арыс қаласындағы оқиғаларға байланысты жедел желі жұмыс істеуде.

Тәулік бойы қажетті ақпаратты Шымкент қаласының ТЖ департаментінен төмендегі нөмірлер арқылы алуға болады: 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66, Түркістан облысы ТЖД: 8 (7253) 35-83-02; ІІМ ТЖ комитеті: 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79.15:27

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801780-arysta-350-adamny-zogalgany-ras-pa/

pixel