Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды
Опубликовано:
Арыста жарылыс болған күні облыстық балалар ауруханасына 20 бала түскен. Тексеріліп, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін 14 адам қайтарылған. Ал алты бала ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хирургия бөлімі бойынша, бас дәрігердің орынбасары Егізбаев Әбдішүкір балалардың қзіргі жағдайын айтып берді.
"Алты баланың бесеуі бас-ми жарақаттарын алған. Үшеуінің жағдайы қалыпты. Ал қалған үшеуі жансақтау бөлімінде. Бір жарым айлық бала жаңа туған сәбилердің жансақтау бөлімінде.
Бір балаға ота жасалды, ол аяғынан және оң жақ кеуде тұсынан жарықшақ жарақатын алған. Дер кезінде ота жасалып, қазір жағдайы қалыпты.
2005 жылғы ұл бала ауыр бас-ми жарақатын алған. Бастапқыда Сарыағаш аудандық ауруханасына түсіп, кейін авиация арқылы бізге жеткізілді", - дейді Әбдішүкір Егізбаев.
Ал 14 жастағы жеткіншек үшін Алматыдан балалар нейрохирургы шақыртылған. Ол баланы қарап, ем жазып берген.
Балалар мен олардың ата-аналары дәрігерлерге алғыстарын айтуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801870-arystagy-zarylys-kezinde-zardap-sekken-balalardy-zagdajy-belgili-boldy/