Арыс арқылы жүретін пойыздар қалпына келтірілді
Опубликовано:
Арыс арқылы өтетін пойыздар қайтадан қалпына келтірілді. Бұған дейін қаладағы жарылысқа байланысты темір жол станциясы тоқтап тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сарыағаш-Арыс учаскесінде 12:00-ден кейін қозғалыс басталды. Бүгін таңертең Шымкент-Арыс және Арыс-Түркістан бағытындағы қозғалыс қалпына келтірілді", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның сервис жөніндегі департамент директоры Әлібек Сұлтанов.
Ол алдағы уақытта барлық пойыздар бұрынғыдай белгіленген график бойынша жүретіндегін алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801901-arys-arkyly-zretin-pojyzdar-kalpyna-keltirildi/