Арыста зардап шеккен екі бала Нұр-Сұлтанға тікұшақпен жеткізіледі
Опубликовано:
Денсаулық сақтау минситрі Елжан Біртанов Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады. Қазіргі уақытта 64 адам ауруханаларда жатыр, олардың 9-ы жансақтау бөлімінде, ал екеуі Нұр-Сұлтанға жөнелтілмек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біртанов Арыстағы жарылыстан кейін 409 адам медициналық көмек сұрағанын хабарлады.
Қазіргі уақытта ауруханада 64 адам жатыр, олардың 9-ы жансақтау бөлімінде.
Дәл қазір балаларды Нұр-Сұлтанға түкұшақпен жөнелтуге дайындық жүргізілуде.
"Төрт баланың екеуін қайта тасымалдау туралы шешім қабылданды. Қазір санитарлық авиация борты Шымкентке бет алды. Сол жерде балалар Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ана мен бала орталығына жеткізілетін болады.
Біз екі баланың жағдайын тұрақтандырдық, алайда сонда да олардың жағдайы ауыр. Сол үшін оларды тасымалдау қажет", - деді Біртанов.
Жансақтау бөлімінде жатқан балаларда барлық жарақаттың түрлері - бас-ми сүйегі, аяқ-қол жарақаты, сонымен қатар, Арыстан адамдарды эвакуациялау кезінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан туындаған жарақаттар бар.
Сондай-ақ, жарақаттары бар ересек бір адам емін жалғастыру үшін Алматыға жөнелтілетін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801972-arysta-zardap-sekken-eki-bala-nr-sltanga-tiksakpen-zetkiziledi/