"Бомбалау болған": Қоғам белсендісі Арыс көшелеріндегі жағдайды көрсетті (видео)
Опубликовано:
Қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов Арыс қаласына барып, жарылыстан кейінгі қаланың жағдайын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол видеоларын YouTube желісінде жариялады.
Жанпейісовтің сөзінше, қаланы "жедел жәрдем" мен полиция қызметкерлері үнемі қадағалауда.
Ол өрт сөндірушілер де міндеттерін мүлтіксіз атқарып жүргендігін алға тартты.
"Қалада шын мәнінде "бомбылау" болған", - деп ойымен бөлісті белсенді.
Жанпейісов Арыстың қазіргі жағдайын суреттеу қиынға соғатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802036-bombylau-bolgan-kogam-belsendisi-arys-kselerindegi-zagdajdy-krsetti-video/