ААК Мәскеуге қонған ұшаққа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Азаматтық авиция комитеті Шереметьево әуежайына қонған Air Astana ұшағына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҚАА Мәскеуге қонған ұшаққа қатысты пікір білдірді
Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

ҚАА Мәскеуге ҚКҚ (қосалқы күш қондырғысы) істен шығып, екі генератордың біреуі істемеген соң қонуға мәжбүр болғанын растады.

"Қазіргі уақытта ақауды анықт ау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - деді ведомство өкілдері.

Рейстің барлық жолаушылары Мәскеуден Нұр-Сұлтанға қосымша рейспен жеткізіледі.

Еске сала кетейік, Лондоннан ұшқан Air Astana әуе кемесі анықталған ақауға байланысты Шереметьево әуежайына қонған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802075-aak-mskeuge-kongan-sakka-katysty-pikir-bildirdi/