Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралуда (фото, видео)
Жарияланған күні:
Арыс тұрғындары өз үйлеріне орала бастады. Оларға ІІМ қызметкерлері барынша көмек көрсетуде. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының полиция департаменттері таңғы сағат алтыдан бастап азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Жол полициясы Арыс тұрғындарын үйлеріне апара жатқан автобустардмен ілесіп жүр. Жергілікті полиция қызметі эвакуацияланғандар мүлкінің сақталуын қадағалауда.

Арыс тұрғындарының қалаға оралуы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың жіті бақылауында. Министр Арысқа келді.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, эвакуацияланған тұрғындардың Арысқа оралуы үшін 150 автобус пен 50 шағын автобус жұмылдырылған.

Эвакуациялық бөлімшелерде арыстықтармен Алматыдан келген психолог мамандар жұмыс істеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шымкенттік полицейлер де барын салды. Олар бүгін таңертен қаладағы қозғалысты реттеп отырды.

ТЖК төрағасы Владимир Беккер ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша Арысқа келді. ТЖК басшысы жеке құрамға қажетті көмек көрсетуге қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.










Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802087-arys-trgyndary-z-jlerine-oraluda-foto-video/